Сараптама

  • Діни экстремизммен күрес дінмен күреске айналмасын...

    Адамзат жаратылысындағы ең әділ, ең бейбітсүйгіш дін неге әлемдік құбыжыққа, үрей мен қорқыныш символына айналды? Исламды озбырлық пен қантөгіс құралына айналдыру кімге керек және оның оған қандай пайдасы бар? ...«Идея белгілі бір жаудың бейнесі болмаған жерде өмір сүре алмайды. Біз, Батыс мемлекеттері өзіміздің тіршілігімізді одан әрі жалғастыру үшін сондай жау тауып алуға тиіспіз. Кеңестік одақ құлады, енді оның орнын жаңа жау бейнесі басады, ол жау - ислам болады.»

    03.04.2013, 0:00 5222 рет қаралды Пікір: 5
  • Арбауға түскен жастарды жазалауды ғана мақсат етпейiк

    2007 жылы 27 азамат айыпталса, 2012 жылы 105 азаматқа қатысты сот үкiмi шығарылған. Әрине, арнайы қызметтер мен құқық органдары кiм қалай десе де жағдайды бақылауда ұстап отыр деуге негiз бар, алайда жайбарақаттыққа салынуға тағы да болмайды. Бiрақ, бiздiң мақсатымыз сол экстремистiк ағымдардың алдап-арбауына түскен жастармен күрес болмауы тиiс, бiздiң мақсатымыз солар үшiн, солардың жүрегi мен санасы үшiн күрес болуы қажет. Лаңкестiкпен күрестiң басты алғышарты осы.

    12.03.2013, 0:00 1273 рет қаралды Пікір: 0
  • Экстремизмнің тамыры қайда жатыр

    Қазіргі кездегі халықаралық экстремизмнің негізгі бағыты ислам өркениетіне қарсы ұйымдастырылатыны да ешкімді көп ойландыртпайтын сияқты. Себебі осы ислам дінінің ішінен секталық, сепаратистік бағыттарды тудырып, оларды қаржыландырып және идеолгиялық қолдау көрсетуді батыс империялық мемлекеттері он тоғызыншы ғасырдан іске асыра бастаған.

    11.02.2013, 0:00 2307 рет қаралды Пікір: 0
  • СӘЛӘФИЗМ ИДЕЯСЫНЫҢ ЗИЯНЫ МЕН ЗАЛАЛЫ

    Осы тұста сәләфилік идеяның адам психологиясына тигізетін кері әсерін де атап айту қажет. Бұл ұстанымда болған адамның тұла бойын қоршаған ортасына қарсы агрессия билейді. Өзінен және оны қолдаушылардан басқа ұстанымдағы адамдардың барлығын олар мұсылман бола тұра, соның ішінде туыстарын, ата-анасын адасқан, тозақы деп таниды. Айналасына қатысты мұндай агрессиялық көзқарас сәләфилік идеяның өкілін мейірім және жанашырлық деген қасиеттерден айырады. Соның нәтижесінде ол басқаларға қатысты түрлі қатыгез іс-әрекеттерге баруы да ықтимал.

    14.01.2013, 0:00 1328 рет қаралды Пікір: 0
  • Діни экстремизм миф емес, ол өмір шындығына айналды

    Қазір жастар арасында идеологиялық бостық бар. Сол кеңістік көп жағдайда деструктивті діни мазмұнмен толтырылуда. Ал бұл үдеріс бірінші кезекте елдік сана эрозиясын туғызып жатыр. Әлеуметтану ғылымы тілімен сөйлесек, жастар дегеніміз өмірлік ұстанымын қалыптастырып үлгерген толыққанды тұлғалар емес.

    23.10.2012, 20:51 1863 рет қаралды Пікір: 1