Терроризмге қарсы күреске әрбір адам үлес қоса алады

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы мен діндерді зерттеу орталықтарының Қауымдастығы Бүкіләлемдік терроризмге қарсы күресті қолдау күніне орай жаңа бастама көтерді. Осынау атаулы күні мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымның бірлескен жобасы - экстремизм мен терроризм идеяларын таратудың алдын алу мәселелерін көтеру және жариялау бойынша Бүкілқазақстандық шығармашылық конкурс бастау алды.

Бұл конкурс Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, экстремизм мен терроризм идеяларын таратудың алдын алу салаларындағы ең өзекті мәселелерді талқыға салған үздіктерді анықтайды.

«Қазіргі саяси ахуал еліміздің рухани өміріне жағымсыз әсер етуші санқилы құбылыстарға қарсы тұру үшін кешенді шаралар қабылдауды талап етіп отыр, - дейді Қауымдастық директоры Юлия Денисенко. - Демек, бұл - қазақстандық қоғамның діни және конфессияаралық қатынастарында экстремистік тенденциялардың көбеюіне мемлекеттің құқық қорғау және күш құрылымдарымен бірге мәдениет, ғылым және жалпы азаматтық қоғам өкілдері де үлес қосуға тиіс екенін білдіреді. Жобаның осы жағынан да маңызы ерекше».

Конкурс өткізудегі басты мақсат - экстремизм және терроризм идеяларының радикалды діни идеологияға бейімділігі тұрғысынан алғанда тәуекел тобына жататын білім алушы жастар арасында таралуының алдын алу, Қазақстан азаматтарының радикалдануына жол бермеу, ханафи мәзхабын ұстанатын елдің дәстүрлі құндылықтары мен қағидаларын насихаттау, оқушы жастардың қандай да бір идеологияны қабылдайтын кезде сыни тұрғыда ойлану қабілетін дамыту, орта білім деңгейінен кейінгі білім беруші ұйымдардың оқытушыларын діни салада ғылыми жұмыс жүргізуге ынталандыру және БАҚ өкілдерін дін мәселесіне қатысты оқиғаларды бейтарап және әділ көрсетуге ынталандыру.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 30 қазанына дейін қабылданады. Оған студенттер, студенттік шығармашылық ұжымдар, оқытушылар және БАҚ өкілдері қатыса алады.

Ұйымдастырушылар өтінім қабылдау ісін жүргізуде инновациялық технологияларды пайдалануды жөн көріпті. Яғни барлық өтінімдер www.konkurs-acir.kz сайтында онлайн қабылданады. Сондай-ақ, сол сайтта ұнаған қатысушыңа дауыс беруге мүмкіндік жасалған.

ПІКІРЛЕР

    • xXoiUhsg
    • 09.08.2016

    I agree with you Anne. Forward is key.As a coach and horse show judge I certainly see the benefits of riders hacking out and riding beyond the confines of the areana. Just this past week a friend of mine was astounded that I would have allowed a horse that was shown in the hunter ring to school over natural jumps! In addition to a change of scenery it keeps the horse interested in the job at ha0n8#&23d;. and it is fun to boot!

ПІКІР ҚОСУ