Атырауда террористік топ құрықталды

Атырау облысының құқыққорғау және арнайы органдарымен осы облыстың құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы бірқатар террористік актілерді жасауды жоспарлаған террористік топ анықталып, залалсыздандырылды.

Аталған топ негізінен Құрманғазы ауданының тұрғындары қатарынан тұрған.

Бұл факті бойынша ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментімен 06.02.2013 жылы топ басшысы 1983 жылы туған Ким Рамизге және топтың басқа да белсенді мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-2 бабының 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды (террористік топты құру, басқару және оның қызметіне қатысу).

Қылмыстық істі тергеу кезінде топ мүшелерінің тұрғылықты мекен-жайларынан 2 аңшы мылтығы және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың компоненттері табылды.

Топтың белсенді мүшелеріне және топ басшысы Р.Кимге қатысты сотпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу-жедел іздестіру шаралары жалғасуда.

Облыс аумағында жағдай тұрақты және құқыққорғау органдарының бақылауында.

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ