Елбасы: Лаңкестікке қарсы қызмет тиімділігінің басты критерийі - лаңкестіктің орын алмауы

 АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Лаңкестікке қарсы қызмет тиімділігінің басты критерийі - лаңкестіктің орын алмауы. Бүгін Ақордада ҚР-дағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, есірткі заттарының заңсыз айналымының жағдайы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары тақырыбына қатысты құқық қорғау органдары басшыларымен өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде таяу уақытта лаңкестік пен экстремизм белгілерімен күресті барынша күшейту қажеттігін ерекше атап өтті. «Қазіргі уақытта менің тапсырмаммен Экстремизмге және лаңкестікке қарсы тұру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірленуде. Оны тек діни экстремизм мен лаңкестік қауіптермен байланысты проблемаларға ғана аударту дұрыс емес деп санаймын. Ол 5-6 жылға есептелінген барынша қолданбалы құжат болуы тиіс. Лаңкестікке қарсы қызмет тиімділігінің басты критерийі - лаңкестіктің орын алмауы», - деді Н.Назарбаев.

Автор: Марлан Жиембай

ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ